Меню

Страницы

Статья

Аудан әкімінің құттықтау сөзі

Құрметті жерлестер!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Әз Наурыз барша қазақстандықтар ерекше ықыласпен тойлайтын ізгі мейрам.
Наурыз – ежелден келе жатқан мейрам. Тамыры тереңге кеткен әз-Наурыз
қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың
мерекесі.
Наурыз – жыл басы ғана емес, бұл ең алдымен ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Наурыз – рухани тазару мен үйлесімнің, бейбітшілік пен берекенің символы. Ұлыстың ұлы күні – Наурызда адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін
ұмытып, кешірімге келіп, татуласып, табыса білген. Халқымыз мол дастарқанын
жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, өткен-кеткеннен сыр тартып, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, жастарға ақ баталарын берген.
Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы да барлық
қазақстандықтар үшін жалпыхалықтық мерекеге айналды. Ұйымшылдық пен
бірліктің арқасында біздің Қазақстан ең биік мақсаттар мен жетістіктерді нық
сеніммен жүзеге асыратын мықты және гүлденген мемлекетке айналды.
Бүкіл елмен бірге біздің аудан да дамып келеді. Ауданда мемлекеттік салалық бағдарламалар табысты жүзеге асырылуда, әлеуметтік нысандар салынуда, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Ауданда болып жатқан оң өзгерістер - бұл сіздер мен біздің ұйымшыл және жасампаз жұмысымыздың нәтижесі.
Қымбатты жерлестер!
Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған әз-Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Еліміздегі тұрақтылық тұғыры бекемделіп, бақ-берекеміз арта берсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
А. ҚАДыРАлиНА,
Жақсы ауданының әкімі.

Дата публикации
26 марта 2024
Дата обновления
26 марта 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы