Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысының ветеринария басқармасы жанынандағы ШЖҚ КМК «Жақсы ауданының ветеринарлық станциясы» басшысы К. Сейтовтың Жақсы ауданының аумағындағы ветеринариялық қауіпсіздіты қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмысы туралы баяндамасы

Ақмола облысының ветеринария

басқармасы жанынандағы ШЖҚ КМК

«Жақсы ауданының ветеринарлық станциясы»

басшысы К. Сейтовтың

Жақсы ауданының аумағындағы

ветеринариялық қауіпсіздіты қамтамасыз

ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмысы

туралы баяндамасы

 

 

 

Құрметті Алмагүл Аманжолқызы!

Құрметті отырысқа қатысушылар!

 

Ақмола облысының ветеринария басқармасы жанындағы ШЖҚ КМК "Жақсы ауданының ветеринариялық станциясы" өз қызметің кәсіпорың жарғысының негізінде жүзеге асырады.

Ұйымның негізгі міндеті аудан аумағында ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті жұқпалы ауруларына жол бермеу болып табылады.

20.02.2024 жылғы жағдай бойынша жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты.

Аудан аумағы ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының өте қауіпті жұқпалы аурулары тіркелмеген.

 2024 жылғы 20 ақпанның ӨИС деректер базасы бойынша ірі қара мал 28 037 бас, ұсақ мал 29 374 бас, жылқы 9 979 бас, шошқа 3920 бас тіркелінген.

Ақмола облысы ветеринария басқармасының жанындағы ШЖҚ КМК "Жақсы ауданының ветеринариялық станциясы" штат саны 39 адамды құрайды, оның ішінде ветеринариялық дәрігерлер 3 адамды, ветеринариялық техниктер 11 адамды құрайды. Бос жұмыс орындары бар: ветеринарлық дәрігерлер-2 бірлік, ветеринарлық техниктер-4 бірлік.

Ветеринариялық дәрігерлердің орташа жалақысы 220 мың теңге, ветеринариялық техниктердің орташа жалақысы 210 мың теңге. Кәсіпорын бойынша жалпы орташа жалақы 174 мың теңгені құрайды.

Өткен 2023 жылы эпизоотияға қарсы және диагностикалық іс-шаралар бойынша барлық жоспарлы ветеринариялық іс-шаралар толық көлемде орындалды.

 Сібір жарасына қарсы ІҚМ -28500 бас, 29000 бас ұсақ мал, 7000 бас жылқы, 4000 бас шошқа егілді.

 Аусыл ауруына қарсы еселікті ескере отырып аудан бойынша 50 000 ІҚМ, 52 000 ІҚМ, 4400 шошқа егілді.

 2023 жылы сарып ауруына: 29050 бас ірі карамал, 29600 ұсақ мүйізді мал тексерілдіОн нәтиже 23 ірі карамал, 1 бас ұсақ мал берді.

Барлық оң  нәтиже берілген жануарлар санитариялық союға Балқаш ет өңдеу кәсіпорнына тапсырылды. Оң нәтиже берілген жануарлардың иелеріне 1 720 618 теңге өтемақы төленді.

Соныменқатар 350 бас шошқа,40 бас етқоректілер сарып ауруына тексірілді.

Негізгі міндеттердің бірі ауыл шаруашылығы жануарларының нақты басын есепке алу болып табылады.

Өткен 2023 жылы 11981 бас ІҚМ, 10251 бас ұсак мал, 2711 бас шошқа, 2637 бас жылқы бірдейлендірілді.

Ауыл шаруашылығы жануарларының саны бойынша ақпараттың дұрыстығы мақсатында ҚР экономика Министрлігінің Статистика комитеті ҚР АШМ Ветеринариялық қадағалау комитетімен келісе отырып, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқоры мен "электрондық шаруашылық кітап бойынша" бағдарламасың қамтамасыз ету арасында ауыл шаруашылығы жануарларының саны бойынша ақпараттың сәйкестігін жүргізу негізінде ұсынымдар әзірледі.

Ауыл шаруашылығы жануарларының саны бойынша деректерді салыстыру ұсынымына сәйкес мыналар жүргізілуге тиіс:

- ауылдар, кенттер, ауылдық округтер деңгейінде, үй шаруашылықтарын аулалық аралау негізінде.

- есептік жылдың 1 қаңтары мен 1 шілдесіндегі жағдай бойынша жылына екі рет жүргізіледі.

ЭБХҚ жүргізуге жауапты адам ауылдық округтің ветеринар дәрігерінен алынған деректерді салыстыруға және ауыл шаруашылығы жануарлары санының сәйкессіздігің анықтауға тиіс.

Анықталған сәйкессіздіктер туралы ақпарат ауылдық округ әкіміне беріледі. Елеулі сәйкессіздіктер (5% - дан астам) анықталған жағдайда, ауылдық округ әкімі ауылдық округтің ветеринариялық дәрігерімен бірлесіп көрсеткіштерді сәйкестендыру үшін шешім қабылдайды.

2024 жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша ӨИС және ЭБХУ деректер базасы арасындағы алшақтықтар ІҚМ 0,3%, ұсақ мал 0,5%, шошқа 1,6%, жылқы 3,6% құрайды.

 Аудан бойынша жұмыс істеп тұрған 2 ет өңдеу кәсіпорны, 1 сүт өңдеу кәсіпорны және есептік нөмірлері бар 9 сою алаңы бар.

 2024 жылға ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 108 769 100 теңге сомасында қаржы бөлінді.

 2024 жылға арналған эпизоотияға қарсы және диагностикалық іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес көктемгі ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар 2024 жылдың 1 наурызынан басталады.

 

Дата публикации
26 марта 2024
Дата обновления
26 марта 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы