Меню

Страницы

Статья

Жақсы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б. М. Әбілмаженовтың «Жақсы ауданында көктем кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар туралы баяндамасы»

Жақсы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі

Б. М. Әбілмаженовтың

«Жақсы ауданында көктем кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар туралы баяндамасы»

 

 

Құрметті Алмагүл Аманжолқызы!

Отырысқа қатысушылар!

 

         Жыл сайын Жақсы ауданының аумағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қаупіне ұшырайды. Осындай факторлардың бірі аудан аумағында көктемгі кезеңнен (су тасқыны) өту болып табылады.

         Қазгидрометтің (2023 ж. қараша – 2024 ж. наурыз) қаңтар – наурыз аралығында жауын-шашын туралы болжамды деректерін ескере отырып, орташа жылдық нормалардан көп жауын-шашын, күзгі ылғалданудың жоғары көрсеткіштері (2023 ж. қыркүйек-қараша айларында мол жауын-шашын), топырақтың қатуы (желтоқсанның бірінші жартысында қатты аяз), сондай-ақ қар астында мұз қабығының пайда болуы (2023 ж. қараша, желтоқсан) көктемгі кезеңде су тасқыны жағдайының асқынуы мүмкін.

         Жақсы ауданының аумағында бір су тасқыны қаупі бар елді мекен бар, Жаңа-Қийма ауылы Есіл өзенінің арнасынан 500 метр қашықтықта орналасқан, орташа қауіпті аймаққа жатады. Су басу қаупі бар аймаққа 30 адамнан тұратын 12 үй кіреді. Ауыл аумағында 677 аула бар, онда 2468 адам тұрады. 2023 жылы елді мекенде ұзындығы 300 метр Есіл өзенінің арнасы бойынша биіктігі 3 метр, ені 2 метр бөгет білігін нығайту жұмыстары жүргізілді.

         Бұдан басқа, жыл сайын су тасқыны кезеңінде Киев, Беловод, Подгорное, Чапаев елді мекендері жол қатынасынсыз қалады, өйткені жергілікті маңызы бар автожолдарды су басыуы орын алады (7-10 күнге дейін). Аталған елді мекендер бойынша ауыр науқас азаматтарды, жүкті әйелдерді алдын ала әкетіп, қажетті тауарларды, азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді әкелу қажет.

         Аудан аумағында еріген суларды гидротехникалық құрылыстар арқылы толтыруға және өткізуге ерекше назар аударылды. Аудан аумағында 7 гидротехникалық құрылыс бар (Чапаев № 1, № 2, Киров, Баягиз, Қызылсай, Белағаш және Терісаққан). Күзгі тексеру қорытындысы бойынша 3 ГТҚ қанағаттанарлықсыз жағдайда (Чапаев № 1, № 2 және Терсақан). Чапаев бөгеті № 1,2 су тасқыны кезеңінде су ағызылады және транзиттік режимге ауыстырылады. Бұл бөгеттер халыққа қауіп төндірмейді. Сонымен қатар, барлық ГТҚ жанында инертті материал дайындау, мониторинг ұйымдастыру және инженерлік техниканың тәулік бойы кезекшілігін қамтамасыз ету қажет.

         2024 жылғы су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп келесі жұмыстар атқарды:

         - Жақсы ауданы әкімдігінің «2024 жылдың көктемгі кезеңіндегі су тасқынына қарсы шаралар туралы» қаулысы, аудан аумағында 2024 жылдың көктемгі кезеңінде су тасқынын дайындау және апатсыз өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді, сондай-ақ ауданның жедел су тасқынына қарсы штабы құрылды;

         - төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға 3 млн. 244 мың теңге мөлшерінде қаржы қаражаты көзделген, шұғыл шығындарға 14 млн. 50 мың теңге мөлшерінде және төтенше жағдай резерві 14 млн. 50 мың теңгені құрайды;

         - аудан аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі төнген және туындаған жағдайда ұйымдар бөлетін күштер мен құралдарды тарту жоспары түзетілді. Осы жоспарға сәйкес арнайы және қосалқы техниканың 25 бірлігі бар, жеке құрам 70 адамды құрайды;

         - су тасқыны жағдайы асқынған жағдайда халықты қорғау үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 12 эвакуациялық пункт (уақытша орналастыру пункттері білім беру және мәдениет объектілері) дайындалды. Ауданның азаматтық қорғау медициналық қызметі «Жақсы аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК базасында құрылған, ол 100% дәрі-дәрмекпен және материалдық ресурстармен қамтамасыз етілген.

         -Жақсы ауылының 13-ӨСБ-де 2 бірлік (Орал, Зил-131) жоғары өтімді доңғалақты техника дайындалды, сондай-ақ барлық қолда бар техникаға маусымдық қызмет көрсетілді. Жауынгерлік есепте тұрған техника қосымша аспаптарымен және жабдықтармен жабдықталған.

         150 тонна инертті материалдар, жанар жағар-май – 7 тонна (2 тонна бензин, 5 тонна дизель отыны), қаптар-1500 дана, сондай-ақ 5 бірлік мотопомпалар, 5 мотопомпалар тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімімен сатып алынады.

         Бүгінгі таңда елді мекендерден 20000 тоннадан астам қар шығарылды. Ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері сенбіліктер өткізе отырып, су тасқынына қарсы сипаттағы іс-шараларды өткізуге халықты тарту бойынша осы бағыттағы жұмысты жандандыруы қажет.

         ТЖБ және ӨСБ-13 қызметкерлерімен профилактикалық жұмыс жүргізілуде бүгінгі таңда ауданның жалпы білім беретін мектептерінде, ұйымдар мен кәсіпорындарда 578 адамды қамтитын 12 нұсқама және су тасқыны кезеңіндегі мінез-құлық ережелері туралы 250 адамды қамтитын 7 дәріс өткізілді.

         Сонымен қатар, ауданның ауылдық елді мекендерінде тұрғын үй секторын аралау жұмыстары жандандырылды. Барлығы 400-ден астам аула өтіп, 1720 адам қамтылды, бұл ретте 2024 жылғы су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша 800-ден астам ұсыныс табыс етілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

         Жақсы ауданының аумағында су тасқыны жағдайының ықтимал қолайсыз дамуына жедел ден қою мақсатында, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің басшылары келесі іс-шараларды жүргізуі қажет:

         - су тасқынына қарсы штабтар құру, сондай-ақ тұрғын үйлерді, шаруашылық объектілерін су басудың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

         - жер жұмыстары үшін қажетті техниканы дайындау және инертті материалдарды дайындау, жанар жағар-май қорларын құру;

         - тұрғын үйлерді, жолдарды және т. б. су басудың алдын алу үшін елді мекеннен қар шығару;

         - су өткізу құрылыстарын (құбырларды мен көпірлерді) тазарту, сондай-ақ қар мен мұздан, арықтардан, ғимараттар мен құрылыстардың шатыры мен жабындарын тазарту бойынша қажетті жұмыстарды жүргізу;

         - халыққа елді мекендерді су басу, қауіпті аймақтардан эвакуациялау қаупі туындаған кездегі мінез-құлық қағидаларын, оның ішінде қауіп туралы хабарлау тәртібін жеткізу, сондай-ақ жиындар, жиналыстар және т. б. өткізу арқылы табиғи сипаттағы ТЖ алдын алу саласында бірлесіп үгіт-түсіндіру жұмыстарын жандандырылсын.

 

 

Дата публикации
26 марта 2024
Дата обновления
26 марта 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы