Меню

Страницы

Статья

«Жақсы ауданы Чапай ауылы әкімінің аппараты» ММ бойынша 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есеп беру

«Жақсы ауданы Чапай ауылы әкімінің аппараты» ММ бойынша 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есеп беру.

 

«Жақсы ауданы Чапай ауылының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновация және аэроғарыштық өнеркәсіп Министрі м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ Бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес келесі қызмет түрлерін көрсетеді:

  1. «Елді мекеннің шекарасында объект салу үшін жер телімін беру» - қызмет көрсетілген жоқ.
  2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару» - қызмет көрсетілген жоқ.
  3. «Конкурстарды (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 2 қызмет ЭҮП арқылы.
  4. Жер учаскесін жеке меншікке бір уақытта немесе бөліп-бөліп сату – 1 қызмет қағаз нұсқасында.
  5. Жер телімін алуға кезекке қою – өтініштер түскен жоқ.

          «Конкурстарды (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - аса сұранысқа ие мемлекеттік қызмет болып табылады.

«Жақсы ауданы Чапай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңын, Қазақстан Республикасының бекітілген стандарттары мен ережелері басшылыққа алады. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.

       «Жақсы ауданы Чапай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемісінде E-gov бұрышы жұмыс істейді.Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халыққа қол жетімді ақпарат беру мақсатында « Жақсы ауданы Чапай ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты ілінген және ақпараттық стенд орнатылған.

      Халықты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қолжетімді ету және ақпараттандыру мақсатында «Жақсы ауданы Чапай ауылының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде көрнекі ақпаратпен (стандарттар, ережелер, үлгілері) стендтер орналастырылған. Барлық қызметтер бойынша түсініктемені «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына хабарласу арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат аудан әкімінің интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Facebook әлеуметтік желісінде мемлекеттік қызметтің 5 түрі бойынша ақпарат жарияланды.

           Ауыл аумағында «eGOV mobile@ мобильдік қосымшаны пайдалану бойынша банер орнату іске асырылды.

            Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзушылықтар болған жоқ.

          2023 жыл ішінде тұтынушылардан шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 87163594361, электрондық пошта мекенжайы zhaksy_usl@aqmola.gov.kz.

          Мемлекеттік қызметтер күн сайын сағат 9.00-ден бастап көрсетіледі. 18.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

 

 

«Жақсы ауданы

Чапай ауылының» әкімі                                                           Р. Жұмағұлов

«Жақсы ауданы Чапай ауылы әкімінің аппараты» ММ бойынша 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есеп беру

 

Дата публикации
28 февраля 2024
Дата обновления
28 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы