"Жақсы ауданы Подгорное ауылы әкімінің аппараты" ММ 2023 жылдың бойынша мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес/"Жақсы ауданы Подгорное ауылы әкімінің аппараты" ММ ҰК жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік қызметтердің 6 түрін көрсетеді.
"Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату" көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы-1 қызмет.
Қызметтің қалған түрлері бойынша өтініштер түскен жоқ
Мемлекеттік қызметтер Жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
2023 жылы "Жақсы ауданы Подгорное ауылы әкімінің аппараты" ММ электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы барлығы 1 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында "Жақсы ауданы Подгорное ауылы әкімінің аппараты" ММ көрнекі ақпараты бар стендтер (стандарттар, өтініш үлгілері) орналастырылған. Барлық қызметтер бойынша түсініктемелерді "Азаматтарға арналған үкімет " мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (консультанттардан) жүгіну арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат аудан әкімінің сайтында "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Халық арасында электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі үшін "Жақсы ауданы Подгорное ауылы әкімінің аппараты" ММ клуб ғимаратының 1 қабатында "Е-gov" өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда азаматтар электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады.
2023 жылы тұрғындар "Е-gov" бұрышы арқылы алды:
- 51-соттылығының жоқ немесе бар екендігі туралы анықтама;
- 17-Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- 13-психологиялық денсаулық орталығынан анықтама.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар:
Facebook, Instagram) әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызметтің 5 түрі бойынша 5 мақала орналастырылған. Аудандық "жақсы хабаршысы" газетінде Мемлекеттік қызметтің 1 түрі бойынша 1 мақала жарияланды.
2023 жылы Мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан шағымдар түскен жоқ, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзуға жол берілмеді.
Барлық сұрақтар бойынша мына электрондық мекен-жайға хабарласуға болады: jaqsy_podgornoe@aqmola.gov.kz, сондай-ақ телефон арқылы:8(71635)98200.
"Жақсы ауданы Подгорное ауылы әкімінің аппараты" ММ жұмыс кестесі дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
"Жақсы ауданы Подгорное ауылы
әкімінің аппараты" ММ әкімі Г. Мажитова