Меню

Страницы

Статья

2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Жақсы ауданның Новокиенка ауылы әкімінің жұмысы туралы ЕСЕП

2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Жақсы ауданның Новокиенка ауылы әкімінің жұмысы туралы                                              

ЕСЕП.

Әрекет етуші бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, 6 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін "Жақсын ауданы Новокиенка ауылы әкімінің аппараты" ММ қамтамасыз етілген. 2023 жылы «Жақсы ауданының Новокиенка ауылы әкімінің аппараты» ММ 2 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде 2-і «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы:

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - 0 қызмет.
  2. Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру (1-кезең) - 0 қызмет.; Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру (2-кезең) - 0 қызмет.
  3. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу (1-кезең) - 1 қызмет; Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу (2-кезең) - 1 қызмет.
  4. Жер учаскесін жеке меншікке бөліп төлеуге сату - 0 қызмет.
  5. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою - 0 қызмет.
  6. Өзектендіру(жер учаскелері туралы деректерді түзету) - 0 қызмет.

2023 жылға «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету – 100%

2023 жылы жүргізілген талдаулар бойынша ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер келесі қызметтер болды: «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу».

Халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында көрнекі ақпарат (ережелер, қосымша үлгілері) бар стенд орналастырылды. Барлық қызметтер бойынша түсіндірмені «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (кеңесшілерден) немесе «Жақсын ауданының Новокиенка ауылы әкімінің аппараты» ММ-ге (мамандар) хабарласу арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат аулы әкімінің интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. Әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram) 5 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 2 мақала жарияланды. Аудандық «Жақсынский вестник» газетінде ең сұранысқа ие екі мемлекеттік қызмет бойынша 1 мақала жарияланды.

Новокиенка ауылында қоғамдық орында «Е-gov mobile» мобильді қосымшасын пайдалану туралы баннер орнатылды. Халық арасында электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімді болуы үшін ауыл әкімі аппаратында «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда азаматтар электронды мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады. 2023 жылы «Е-gov» бұрышы арқылы барлығы 61 қызмет алынды.

2023 жылы мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан шағымдар түскен жоқ, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері болған жоқ.

Мемлекеттік қызмет алу сұрақтары бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 87163596116.

 

Жақсы ауданның Новокиенка ауылы әкімінің

 әкімі                                                                                                Б. Садыков

2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Жақсы ауданның Новокиенка ауылы әкімінің жұмысы туралы ЕСЕП

Дата публикации
28 февраля 2024
Дата обновления
28 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы