Меню

Страницы

Статья

Көрсетілетін қызметті беруші «Жақсы ауданының Киев ауылы әкімінің аппараты» ММ 2023 жылы көрсеткен мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Көрсетілетін қызметті беруші «Жақсы ауданының Киев ауылы әкімінің аппараты» ММ 2023 жылы көрсеткен мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

 

          Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «Жақсы ауданының Киев ауылы әкімінің аппараты» ММ Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 (бес) түрін көрсетеді.

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  2. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру (бұрын – Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру);
  3. Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу (бұрын - Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу);
  4. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
  5. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату.

          2023 жылы «Жақсы ауданының Киев ауылы әкімінің аппараты» ММ барлығы 6 (алты) мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде электрондық үкіметтің веб – порталы арқылы – 2 (екі) қызмет, «Азамататға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 4 (төрт) қызмет.

  1. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» электрондық үкімет порталы арқылы – 2 (екі) қызмет;
  2. «Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру» - «Азамататға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 4 (төрт) қызмет.

Басқа қызмет түрлері бойынша өтініштер түскен жоқ.

          2023 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ең көп пайызы «Азамататға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіліп, 66,6 % құрады.

Мемлекеттік қызметтер жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

          2023 жылы «Азамататға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген «Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру» – 4 (төрт) неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер болып табылды.

          Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

          Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халыққа қол жетімділік және ақпараттандыру мақсатында «Жақсы ауданының Киев ауылы әкімінің аппараты» ММ көрнекі ақпараты бар стендтер (мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары, өтініш үлгілері) орналастырылды. Барлық қызметтер бойынша түсініктемелерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына хабарласу арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат аудан әкімінің сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.

          Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

          2023 жылы Киев ауылында «eGov mobile» (Цифрлық құжаттар) мобильді қосымшасын пайдалану бойынша баннер орнатылды. Сонымен қатар, 2023 жылдың мамыр айында мемлекеттік қызметтерді көрсеткен кезде қолданылатын жабдықтарды жаңғырту үшін 1 компьютер және 2 КФҚ (көпфункционалды құрылғылар) сатып алынды.

          Халық арасында электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі үшін «Жақсы ауданының Киев ауылы әкімінің аппараты» ММ және «Жақсы ауданы бойынша білім беру бөлімі Киев ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ ғимараттарында өзіне-өзі қызмет көрсету 2 «Е-gov» бұрышы жұмыс істейді,  азаматтар электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады. 2023 жылы ауыл әкімінің аппаратында орналастырылған «Еgov» бұрышы арқылы көрсетілетін қызметті алушылар өз бетінше 99 (тоқсан тоғыз) қызмет алды.

(Facebook, Instagram) әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызметтің 5 түрі бойынша 5 мақала орналастырылды. Наурыз айында аудандық «Жақсы жаршысы» газетінде мемлекеттік қызметтің түрлері бойынша мақала жарияланды.

          2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді бас тартулар болмаған, мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан шағымдар түскен жоқ, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол берілмеді.

Мемлекеттік қызметтер демалыс пен мерекелік күндерін қоспағанда күн сайын (түскі үзіліс сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін) сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін көрсетіледі.

Барлық сұрақтар бойынша мына электрондық мекен-жайға хабарласуға болады: jaqsy_kievskoe@aqmola.gov.kz, сондай-ақ телефон бойынша: 8 (71635) 97132.

 

 

«Жақсы ауданының Киев ауылы әкімінің

аппараты» ММ                                                                 А. Абылкасымов

Көрсетілетін қызметті беруші «Жақсы ауданының Киев ауылы әкімінің аппараты» ММ 2023 жылы көрсеткен мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Дата публикации
28 февраля 2024
Дата обновления
28 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы