Меню

Страницы

Статья

Жақсы ауданының Ешім ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы Есебі

Жақсы ауданының Ешім ауылдық округі әкімінің

2023 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері

жөніндегі қызметі туралы

Есебі

 

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес «Жақсы ауданының  Ешім ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 6 түрін көрсетеді:

  1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
  2. «Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру»;
  3. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;
  4. «Жер учаскесін алуға үшін кезекке қою»;
  5. «Жер учаскесін жеке меншікке бөліп төлеуге сату»;
  6. "Жер учаскелері туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету).

2023 жылы «Жақсы ауданының  Ешім ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 3 Мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы – 3:

 «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»- 2 қызмет (1 кезең).

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»- 1 қызмет (2 кезең).

Барлық мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік корпорация және электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы тегін негізде көрсетіледі.

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу мемлекеттік көрсетілетін қызмет аса сұранысқа ие.

2023 жылы жүргізілген талдау негізінде «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» Мемлекеттік көрсетілетін қызметі неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында Ешім ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында көрнекі ақпараты бар стенд (Ережелер, өтініш үлгілері) орналастырылды. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

"EGov mobile" мобильді қосымшасын пайдалану бойынша баннер орнатылды.

Халық арасында электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі үшін «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, онда азаматтар электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады. 2023 жылы «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 75 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Сондай ақ 2023 жылдың қараша айында сервистік әкімдік ашылды

2023 жылы Ешім ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық түсіндіру іс-шаралары өткізілді. (Facebook, Instagram) әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызметтердің 3 түрі бойынша 1 мақала жарияланды.

2023 жылы мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан «Жақсы ауданының Ешім ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол берілмеді.

Барлық сұрақтар бойынша мына электрондық мекен-жайға хабарласуға болады: jaqsy_esil@aqmola.gov.kz, сондай-ақ телефон арқылы: 8(71635) 33240.

 

Ешім ауылдық округі әкімінің                                             Д. Борамбаева

Жақсы ауданының Ешім ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы Есебі

Дата публикации
28 февраля 2024
Дата обновления
28 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы