Меню

Страницы

Статья

"Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ-нің 2023 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы

Есеп

"Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ-нің  2023 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы.

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес "Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын 9 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2023 жылы 69 Мемлекеттік қызмет көрсетілді. Барлық мемлекеттік қызметтер электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетілді.

-  «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» - 28 қызмет. 

-    «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру» - 5 қызмет.

-    «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» - 4 қызмет.

-  «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлігі паспортын беру» - 32 қызмет.

2023 жылы электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету пайызы – 100% құрады.

2023 жылы ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлігі паспортын беру»  болды.

Instagram әлеуметтік желісінде Мемлекеттік қызметтің 9 түрі бойынша мақала жарияланды.

Халықты «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу туралы хабардар ету мақсатында халық арасында түсіндіру жүргізіледі. Мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыру және сапалы орындау үшін аудандық газетте мемлекеттік мекеме көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары жарияланады. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін автоматтандыруға және оларды электрондық түрде көрсету сапасын арттыруға басымдық беріледі. «Электрондық үкімет» веб-порталында www.egov.kz сондай-ақ, «Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша толық ақпаратты білуге болады.

Халықты "электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу туралы хабардар ету мақсатында халық арасында түсіндіру жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін автоматтандыруға және оларды электрондық түрде көрсету сапасын арттыруға басымдық беріледі. "Электрондық үкімет" веб-порталында www.egov.kz сондай-ақ, "Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі"ММ Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша толық ақпаратты білуге болады. 2023 жылы Instagram әлеуметтік желісінде Мемлекеттік қызметтің 9 түрі бойынша мақала, сондай-ақ аудандық "жақсы жаршысы" газетінде 1 Мемлекеттік қызмет бойынша мақала жарияланды. 2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қолданылатын компьютерлік техниканы жаңарту болды.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мына телефон арқылы хабарласуға        болады: 87163522362, электрондық мекенжайы jaqsy_zhkh@aqmola.gov.kz.

 

 

«Жақсы ауданының ТКШ, ЖМ,

АҚ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы                      Е. Қарашин

 

 

 

"Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ-нің 2023 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы

Дата публикации
28 февраля 2024
Дата обновления
28 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы