2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты іс-шаралар туралы есеп.
Жақсы ауылы әкімінің аппараты «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтің алты түрін көрсетеді:
2023 жылы барлығы 40 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
«Қаланың немесе ауылдың жерінен жер учаскесін беру» бойынша өтініштер түскен жоқ.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру» – 1 қызмет.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы «Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты (аукциондарды) талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды алу» – 33 қызмет.
«Жер учаскесін жеке меншікке бір рет немесе бөліп-бөліп сату» – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы 1 көрсетілетін қызмет.
«Жер телімін алуға кезекке қою» - өтініштер түскен жоқ.
«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы 5 көрсетілетін қызмет.
2023 жылы 3 дана көлемінде мемлекеттік қызмет көрсетуде қолданылатын компьютерлік техниканы жаңарту жүргізілді.
Жақсы ауылында «eGov мобильді» мобильді қосымшасын пайдалану бойынша 1 баннер орнатылды.
Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен мүмкіндіктері туралы әлеуметтік желілерде ақпарат орналастырылған: Instagram, Facebook, Contact – 5 қызмет түрі бойынша 8 мақала.
Жауапты мамандар арасында мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары талаптарының бұзылуына жол бермеу және халықты мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Жақсы ауылы әкімінің аппаратында қызметтерді өз бетінше алуға арналған «E-gov» бұрышы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары орналастырылған стенд орнатылған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат жергілікті «Жақсынский вестник» газетінде жарияланған.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзу фактілері болған жоқ. «Жақсын ауданы, Жақсы ауылы әкімінің аппараты» ММ-не мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
Барлық сұрақтар бойынша jaqsy@aqmola.gov.kz электрондық поштасы немесе 8(71635)21770 телефоны арқылы хабарласыңыз.
Жақсы ауылының әкімі Е. Калентионок
2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты іс-шаралар туралы есеп