Меню

Страницы

Статья

«Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ 2023 жылғы 12 айдағы мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ 2023 жылғы 12 айдағы мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

 

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес «Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 9 түрін көрсетеді.

          2023 жылы «Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ барлығы 57 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

«Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» - 2 қызмет, «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» - 44 қызмет, «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру» - 5 қызмет,  «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» - 6 қызмет.  «Жер учаскесін алуға кезекке қою», «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп - бөліп сату», «Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - өтініштер түскен жоқ.

2023 жылы электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің пайызы – 100 құрады.

Мемлекеттік қызметтер жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер аса сұранысқа ие:

2023 жылы жүргізілген талдау негізінде «Шақырудан кейінге қалдыруды ұсыну»– 44 қызмет неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер болып табылды. Электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

          Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында «Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ көрнекі ақпараты бар стендтер (стандарттар, өтініш үлгілері) орналастырылды. Барлық қызметтер бойынша түсініктемелерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (консультанттардан) жүгіну арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат аудан әкімінің сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Халық арасында электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі үшін «Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ ғимаратының 1 қабатында «Е-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда азаматтар электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады.

Мемлекеттік қызметтер күн сайын сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін көрсетіледі. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар:

(Facebook, Instagram) әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызметтің 9 түрі бойынша 2 мақала орналастырылды.

2023 жылы мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан шағымдар түскен жоқ, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзуға жол берілмеді.

Барлық сұрақтар бойынша электрондық мекенжай бойынша хабарласуға болады: zhaksy_kanz@aqmola.gov.kz, сондай ақ телефон арқылы: 8(71635) 21261.

 

Құжаттамалық қамтамасыз ету                                                                                және қаржылық-шаруашылық қызмет                                                                 бөлімінің басшысы  м.а                                                               Ж. Сейтбаттал

«Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ 2023 жылғы 12 айдағы мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Дата публикации
28 февраля 2024
Дата обновления
28 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы