Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін
белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 года 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы», Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
|
Жақсы аудандық мәслихатының төрайымы |
А. Бралина |
«Келісілді»
Жақсы ауданының әкімдігі
_______ 2023 жыл
|
|
Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы _________ №__________шешіміне Қосымша
Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы __________ № _________ шешімімен бекітілген
|
Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Жарқайың ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
4) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
9) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия.
1) 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні;
2) 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні;
3) 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні;
4) 9 мамыр - Жеңіс күні;
5) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ;
6) 29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні;
7) 25 Қазан - Республика күні;
8) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні.
7.Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстық жергілікті атқарушы орган бекіткен ереже негізінде жүзеге асырады.
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі не әлеуметтік маңызы бар аурулардың болуы;
2) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
3) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;
4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы негіз болып табылады.
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;
5) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;
6) Қазақстан Республикасы «Ардагерлер туралы» Заңының күші қолданылатын басқа тұлғаларға (бұдан әрі – басқа тұлғалар);
7) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға;
8) саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын, «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға;
9) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға;
10) барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға;
11) ең төмен және төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге;
12) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданыстағы тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда;
13) табиғи апат немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);
14) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға (қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, 1 типті қант диабеті);
15) туберкулезбен ауыратын адамдарға;
16) орта есеппен жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға (отбасыларға);
17) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
18) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және пробация қызметінің есебіндегі тұрған адамдарға;
19) аз қамтылған және халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз топтарынан шыққан студенттерге және мүгедектігі бар ауылдық жерде тұратын, колледждерде күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы негізде оқитын студенттерге;
20) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, табысы аз, толық емес және көп балалы отбасылар қатарындағы, ауылдық жерде тұратын, жоғары медициналық оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы негізде оқитын студенттерге;
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
2) 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні:
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға;
3) 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне:
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
4) 9 мамыр - Жеңіс күніне;
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;
басқа адамдар;
5) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне;
саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын, "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға;
6) 29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне;
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға;
7) 25 Қазан-Республика күніне:
барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға;
ең төмен және төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге;
8) 16 желтоқсан- Тәуелсіздік күніне:
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданыстағы тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда.
1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) бір рет үш айдан кешіктірмей 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде
2) әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктері, адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) тудыратын ауруы, 1 типті қант диабеті), жылына 1 рет – 15 (он бес) айлык есептік көрсеткіш;
3) Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Жақсы аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тізімі негізінде денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған туберкулезбен ауыратын адамдарға өтініш бермей ай сайын - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш;
4) диспансерлік есепте тұрған адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде;
5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға жылына 1 рет – 15 (он бес) айлык есептік көрсеткіш;
6) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6-баптарында көрсетілген адамдарға, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданыстағы тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, төлем туралы құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасының шегінде санаторий-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге бір рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6- баптарында көрсетілген адамдарға, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданыстағы тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темір жол немесе автомобиль жолаушылар көлігімен шипажайға немесе госпитальға жөнелту станциясынан ауруханаға жатқызу орнына дейін және кері қарай емделуге екі жаққа жол жүру құнын өтеуге, растайтын құжаттарды ұсынған кезде жылына 1 рет мөлшерінде 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде;
8) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабында көрсетілген адамдарға өтініш берусіз уәкілетті ұйымның тізімдері негізінде коммуналдық қызметтер негізінде, бұдан әрі 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
9) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5,6,8-бабында көрсетілген адамдарға өтініш берусіз уәкілетті ұйымның тізімдері негізінде коммуналдық қызметтер үшін шығыстарға ай сайын 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
10) аз қамтылған және халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз
топтарынан шыққан студенттерге және мүгедектігі бар ауылдық жерде тұратын, колледждерде күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы негізде оқитын студенттерге, өтініш, оқу орнынан анықтама, оқу орнымен шарт, өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санаттарына жататындығын растайтын анықтама негізінде жергілікті бюджет есебінен жылдық оқу құны мөлшерінде;
11) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған, толық емес және көп балалы отбасылар қатарындағы, ауылдық жерде тұратын, жоғары медициналық оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы негізде, жергілікті бюджет есебінен жылдық оқу құны мөлшерінде оқитын студенттерге өтініш, аудан әкімі, студент және жұмыс беруші арасындағы шарт, оқу орнынан анықтама, оқу орнымен шарт, өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санаттарға жататынын растайтын анықтама негізінде;
1) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын адамдарға (отбасыларға) 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Әлеуметтік көмек алушылардың тізімдері уәкңлетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұрау салу жолымен қалыптастырылады.
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
2) тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);
3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың бірі:
дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;
әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжат;
ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болу фактісін растайтын құжат;
жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжат;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу, пробация қызметінің есебінде болу фактісін растайтын құжат.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады
Осы Үлгілік қағидалардың 20 және 21 -тармақтарында көрсетілген жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;
3) тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болған жағдайларда жүзеге асырылады.
27.Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Жақсы ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады. Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
|
Жақсы аудандық мәслихатының шешіміне 2-қосымша |
Жақсы аудандық мәслихатының күші жойылды деп
танылған кейбір шешімдерінің тізбесі