"Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
(бұдан әрі – 2-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО жүзеге асырады.";
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"49. 2-мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге эскиздің (эскиздік жобаның) электрондық көшірмесін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті жолдайды.
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Процестің сипатын, қызмет көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін қоса алғанда, 2-мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ 2-мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жазылған.";
54-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"54-1. Осы Қағидалардың 54-тармағында және осы Қағидаларға 7-қосымшаның 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім жайында, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша өтініш берушінің ұстаным танытуына мүмкіндік беру үшін тыңдау өткiзілетін уақыт пен орын туралы хабарлама жібереді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша өтініш берушіге көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды жолданады.";
мынадай мазмұндағы 79-1-тармақпен толықтырылсын:
"79-1. Тапсырыс беруші объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілгенге дейін инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылыстардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімін мемлекеттік қала құрылысы кадастрына тіркеу үшін "Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 172/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9603 болып тіркелген) Қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидаларына сәйкес жолдайды.
Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын ЖАО "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы) құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында айқындалған рәсімдерді сақтауын салыстырып тексереді және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесі арқылы пайдалануға қабылдау актісін есепке алуды жүргізеді.
Мемлекеттік қала құрылысы кадастрына пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін әрі қарай енгізуді осы Қағидалардың 81-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.";
80 және 81-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"80. ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласында функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінде есепке алынған және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесіне ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласында функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен енгізілген объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк органда объектiнi тiркеу үшiн негiз болып табылады.
Бұл ретте, меншiк иесi пайдалануға дербес қабылдайтын объектiлерге қатысты:
1) Мемлекеттік корпорация өтініш берушіден меншiк иесiнің объектіні пайдалануға дербес қабылдаудың бекітілген актісін алған кезден бастап бір күн ішінде инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылыстардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімін қоса бере отырып, объекті орналасқан жердегі сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті ЖАО құрылымдық бөлімшесіне объектіні пайдалануға дербес қабылдаудың бекітілген актісін жолдайды;
2) тиісті ЖАО сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі бір жұмыс күн ішінде меншiк иесiнің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында айқындалған рәсімдерді сақтауын салыстырып тексереді және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесінде пайдалануға қабылдау актісін есепке алуды жүргізеді.
Бұзушылықтар анықталған кезде Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ол туралы тіркеуші органға жазбаша хабарлайды;
3) бұзушылықтар болмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ол туралы тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.";
3, 4, 5 және 7-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасының |
|
|
Құрылыс саласындағы құрылыс |
Эскиздің (эскиздік жобаның), техникалық жобаның құрамы мен мазмұны
Тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген жаңа құрылыс объектілері үшін жобалау алдындағы сатыда әзірленетін эскиздің (эскиздік жобаның) құрамы мен мазмұны:
Тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген қолданыстағы үйлер мен ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) объектілері үшін әзірленетін техникалық жобаның құрамы мен мазмұны:
Тиісті лицензиясы бар тұлға немесе жобалау ұйымымен әзірленген елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері үшін эскиздің (эскиздік жобаның) құрамы мен мазмұны:
Тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген инженерлік желілер эскизінің (эскиздік жобасының) құрамы мен мазмұны:
Жобалауға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) Архитектурно – планировочное задание на проектирование (АПЗ)
|
|
№___ от "___"______20___ года |
Объектінің атауы:__________________________________________________________
Наименование объекта:
Тапсырыс беруші (құрылыс салушы, инвестор): _________________________________
Заказчик (застройщик, инвестор):
Объектінің мекенжайы ______________________________________________________
Адрес объекта
Қала (елді мекен), жыл ______________________________________________________
Населенный пункт, год
|
|
Құрылыс саласындағы құрылыс |
|
"Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" |
||
|
1. |
Қызметті берушінің атауы |
Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары. |
|
2. |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілі |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
|
3. |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
10 (он) жұмыс күні. |
|
4. |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
электрондық (ішінара автоматтандырылған). |
|
5. |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
электрондық хат – эскизді (эскиздік жобаны) келісу не осы Тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
|
6. |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері |
тегін |
|
7. |
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, түскі асқа үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда; |
|
8. |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берушіден талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
осы Қағидалардың 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; |
|
9. |
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
|
10. |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. |
"Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет