2023 жылғы 29 мамырда аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Қ.А. Дүйсековтың төрағалығымен Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы Жақсы ауылының № 1 және № 2 жалпы білім беретін мектептерінің ата-аналар жұртшылығын тарта отырып өткізілді.
Комиссия отырысында білім беру саласындағы проблемалық мәселелер талқыланды, сондай-ақ аудандық білім бөлімінің кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру жөніндегі қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің, ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекеттік тұрғын үй беру туралы, тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден баяндамалары тыңдалды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша сөз сөйлеушілердің ақпараты назарға алынды, ұсынымдар әзірленді.