Меню

Страницы

Статья

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 22 шілдедегі № а-6/134 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 шілдеде № 23667 болып тіркелді.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп, барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
  2. Жақсы ауданы әкімдігі кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

       Жақсы ауданы әкімдігінің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу, кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайларды беру туралы" 2019 жылғы 25 сәуірдегі № а-1/76 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7148 болып тіркелген) қаулысы;

       Жақсы ауданы әкімдігінің "Жақсы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № а-1/76 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу, кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайларды беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № а-5/262 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8206 болып тіркелген) қаулысы.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Жақсы ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы ауданы әкімі

Б.Малгаждаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жақсы аудандық аумақтық

 

сайлау комиссиясы



 

Жақсы ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 22 шілдедегі
№ а-6/134 қаулысына
қосымша

 Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

       Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 04.11.2022 № а-9/210 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

№

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Алғабас ауылы

Садвакасов көшесі ("Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Алғабас ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында)

2

Баяғыз ауылы

Центральная көшесі ("Агрофирма – "Астана Т.А.Н." жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсесі ғимаратының оң жағында)

3

Белағаш ауылы

Береке көшесі ("Жақсы ауданының Белағаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

4

Беловод ауылы

Школьная көшесі ("Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловод ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

5

Ешім ауылы

Баубек Батыр көшесі ("Жақсы ауданының Ешім ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

6

Жақсы ауылы

Абай көшесі ("Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының оқушылар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

7

Дружбы көшесі (Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы "Аудандық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының оң жағында)

8

 Сейітжан Жaкупов көшесі ("ҚТЖ – Жүк тасымалы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің – "ЖТ Ақмола бөлімшесі" филиалы Жақсы бекетінің темір жол вокзалы ғимаратының сол жағында)

9

Жаңа Қийма ауылы

 30 лет Победы көшесі (Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы "Аудандық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның ауылдық мәдениет үйі ғимаратының сол жағында)

10

Запорожье ауылы

 Мира көшесі (Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы "Аудандық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның ауылдық мәдениет үйі ғимаратының сол жағында)

11

Калинин ауылы

 Калинин көшесі ("Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Калининское ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында)

12

Киев ауылы

Ленин көшесі ("Труд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің халықтың мәдени-демалыс орталығы ғимаратының оң жағында)

13

Киров ауылы

 Киров көшесі (Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы "Аудандық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның ауылдық мәдениет үйі ғимаратының сол жағында)

14

Қайрақты ауылы

Стадионная көшесі ("Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Перекатное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталығы ғимаратының оң жағында)

15

Қийма ауылы

 Киров көшесі ("Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Қима ауылының Қабдеш Шардағұлұлы Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектеп жанындағы клубы ғимаратының сол жағында)

16

Лозовое ауылы

Школьная көшесі (Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы "Аудандық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның ауылдық мәдениет үйі ғимаратының оң жағында)

17

Монастырка ауылы

Тауасар көшесі ("Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Монастырка ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

18

Моховое ауылы

 Сәкен Сейфуллин көшесі ("Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Моховое ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында)

19

Новокиенка ауылы

 Победа көшесі ("Новокиенка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының сол жағында)

20

Перекатное ауылы

 Киров көшесі ("Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Перекатное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

21

Подгорное ауылы

 Школьная көшесі ("Подгорное-1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің наубайхана ғимаратының сол жағында)

22

Тарасовка ауылы

 Зеленая көшесі ("Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Тарасовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

23

Терісаққан ауылы

Майкутов көшесі ("Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Терісаққан ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

24

Чапай ауылы

Горький көшесі ("Шункырколь" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауылдық мәдениет үйі ғимаратының оң жағында)

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Дата публикации
25 мая 2023
Дата обновления
25 мая 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы