2023 жылдың 12 мамырдағы
Жақсы ауданы Киев ауылы әкіміне үміткерлерді
тіркеу туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес алынған құжаттарды қарап, Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жақсы ауданы Киев ауылы әкіміне кандидаттар ретінде тіркелу туралы шешім қабылдады:
- Салтанат Сапарбекқызы Жұмашева- өзін-өзі ұсынды, Жақсы ауданы Перекатное ауылының тұрғыны, «Жақсы ауданы Беловод ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы;
- Майра Ибрашқызы Ібікенова- өзін-өзі ұсынды, Жақсы ауданы Ешім ауылының тұрғыны, «Жақсы ауданы Ешім ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы.