Жақсы ауданының Киев ауылы әкімін сайлауы бойынша сайлау округінің шекарасын құру, аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 13-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4 тармағына, 22-бабына, «Жақсы ауданының Киев ауылы әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы» Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 47/104 қаулысына сәйкес, Киев ауылы әкімін сайлау бойынша сайлау округінің құрылғаны туралы, Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз.
Жақсы ауданының Киев ауылы әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Киев ауылы шекарасындағы Киев сайлау округі.
Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Жақсы ауылы, Дружба көшесі 3, аудан әкімдігінің ғимараты, тел.8 (71635) 21-4-04.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы:
төрайымы – Тлепова Рената Рахымбекқызы;
төрайымының орынбасары- Фидченко Вячеслав Геннадьевич;
хатшы – Төлеубай Манас Сапиуллаұлы;
комиссия мүшелері: Арыспаева Алтын Маратқызы, Касенова Ғалия Халимоллақызы, Копылова Татьяна Борисовна, Нұржанова Әлия Арыстанқызы.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы