|
БЕКІТЕМІН
Жақсы ауданы әкімдігінің
жанындағы сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес мәселелері жөніндегі
комиссияның төрайымы
_________________ А. Қадыралина
«____» ____________ 2022 жыл
|
Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның
2023 жылдың 1-ші жартыжылдығына жұмыс
ЖОСПАРЫ
1 тоқсан (наурыз айы)
- «Ветеринария саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру туралы» (баяндамашы: Ақмола облысы ВБ жанындағы «Жақсы ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК басшысы);
- «Білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» (баяндамашы: «Ақмола облысы ББ Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы);
- «2021-2022 жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, үкіметтік емес ұйымдармен, БАҚ-пен өзара іс-қимыл, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру жөніндегі жұмыс туралы» (баяндамашы: «Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ басшысы).
2 тоқсан (маусым айы)
- «Пайдаланылмайтын және заңнаманы бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін қайтару бойынша жүргізілетін жұмыс туралы» (баяндамашы: «Жақсы ауданының жер қатынастар бөлімі» ММ басшысы);
- «Жақсы ауданының атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайларына жол бермеу және олардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының нормалары мен талаптарын сақтауы бойынша жүргізілетін жұмыс туралы» (баяндамашы: «Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің басшысы);
- «Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның 2023 жылдың 2-ші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» (баяндаушы: комиссия хатшысы).
Ескертпе: Қажет болған жағдайда комиссия отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелер түзетілуі мүмкін.