Мерзімінен бұрын әкімдік өкілеттіктерін аяқтаған
Беловод ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
2023жылдың 15 наурыздағы № 41/87
Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14, 113-1 бабтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мерзімінен бұрын әкімдік өкілеттіктерін аяқтаған Беловод ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылдың 23 сәуірге тағайындалсын.
- Осы қаулыда көрсетілген қосымшаға сәйкес 2023 жылдың 23 сәуірге тағайындалған Беловод ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу туралы негізгі іс–шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- «Жақсы жаршысы» аудандық газеті мен Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет парақшасында осы қаулы жариялансын.
Сайлау комиссиясының
төрайымы Р.Тлепова
Сайлау комиссиясының
хатшысы М.Төлеубай