№ 6 бір мандатты сайлау округі бойынша Жақсы аудандық
мәслихатының депутаттығына кандидатты тіркеу туралы
шешімнің күшін жою туралы хабарлама
Жақсы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының 2023 жылдың 02 наурыздағы № 303 хаты негізінде, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабы 6-1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі № 6 округтік сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
-№ 6 бір мандатты сайлау округі бойынша Жақсы аудандық мәслихатының депутаттығына Қосмлия Ахметжанұлы Ахметжановты кандидаттыққа тіркеу туралы шешімінің күші жойылсын.
№ 6 округтік сайлау комиссиясы
2023 жылғы 04 наурыз