Қазақстан Республикасының
экономика және бюджеттік
бюджеттік жоспарлау Министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы № 193
бұйрығына 2-қосымша
2022 жылға арналған Жақсы ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
1.Жалпы ережелер.
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
Жақсы ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2022 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебіне (бұдан әрі - Есеп) ауданның жергілікті атқарушы органдары, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген.
Жақсы ауданында 23 мемлекеттік орган қызмет көрсетеді (аудандық және ауылдық әкімдер аппараттары – 15, дербес бөлімдер – 7, ведомстволық бағынысты ұйымдар - 1).
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 30 маусымдағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын атқарушы органдар мемлекеттік қызметтің 69 түрін көрсетеді.
2022 жылы Жақсы ауданының жергілікті атқарушы органдары барлығы 3398 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы – 636, электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы - 2054, мемлекеттік орган арқылы: қағаз нысанда – 65, электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің жүйелері арқылы - 643.
2022 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ең көп пайызы электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы – 60%, мемлекеттік орган арқылы – 2%, Мемлекеттік корпорация арқылы – 19 %, көрсетілетін қызметті берушінің жүйелері арқылы - 19% құрады.
Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі - 58 қызмет, ақылы – жеке және заңды тұлғаларға - 7 қызмет.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
Жүргізілген талдау негізінде 2021 жылы неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жұмыспен қамту («Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу») саласындағы, ауыл шаруашылығы саласындағы («Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін тіркеу есебінен шығару, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу және тіркеу құжатын (телнұсқасын) және олар үшін мемлекеттік нөмірлік белгі беру»), жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында («Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру», «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»).
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Барлық мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қол жетімділік мақсатында көрнекі ақпараты (стандарттар, өтініштер үлгілері) бар стендтер орналастырылған. Барлық қызметтер бойынша түсіндірмені «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (консультанттардан) жүгіну арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат аудан әкімінің сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Елді мекендерде «eGov mobile» мобильдік қосымшасын пайдалану бойынша баннерлер орнату жүзеге асырылды.
Халық арасында электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі үшін ауылдар мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарында «Е-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын ашу бойынша жұмыс жүргізілді, онда азаматтар электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады. Аудан бойынша барлығы 43 «Е-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.
Ауданда «Сервистік әкімдік» өз жұмысын жүзеге асыруда, оның құрамына әлеуметтік қорғау, сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ТКШ қызметкерлері кірді. Мамандар сізді қызықтыратын мәселелер бойынша азаматтарды ашық форматта қабылдайды.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар.
Жақсы ауданының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы 3 дөңгелек үстел өткізілді. Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызметтің 64 түрі бойынша 63 мақала жарияланды. Аудандық «Жақсы жаршысы» газетінде мемлекеттік қызметтердің 17 мақаласы жарияланды. «Адал Көмек» жобасы аясында мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің басшылары мен мамандарының қатысуымен 20 тікелей эфир өткізілді. Аудан әкімдіктерінің ресми беттерінде 10 онлайн жәрмеңке өткізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету дағдыларын жетілдіру бойынша оқыту семинары өткізілді. Көрсетілетін қызметті берушілердің 52 қызметкері техникалық оқудан өтті.
2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттырудан мемлекеттік мекемелердің 1 маманы өтті.
1) 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан шағымдар түскен жоқ, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзуға жол берілген жоқ.
2) Жақсы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді ұсынуды талдау бөлімімен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша 7 бақылау іс-шарасы өткізілді («Жақсы ауданы Запорожье ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Жақсы ауданы Подгорное ауылы әкімінің аппараты» ММ, «Жақсы ауданы Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Жақсы ауданы Белағаш ауылы әкімінің аппараты» ММ «Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ, «Жақсы ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Жақсы ауданы Тарасов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ), өрескел бұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында бөліммен мақсатты жұмыс жүргізілуде. Жақсы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді ұсынуды талдау бөлімімен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- халықты стендтер, БАҚ және ресми интернет-ресурстар арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы уақтылы хабардар ету, халыққа қызмет көрсету бөлімінің мамандарымен, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен және мамандарымен, мемлекеттік мекемелердің басшыларымен семинарлар өткізу;
- электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін ұлғайту;
- «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
Барлық сұрақтар бойынша мына электронды мекен-жайға хабарласуға болады: zhaksy_usl@aqmola.gov.kz, сондай-ақ телефон арқылы: 8(71635)21461.
«Жақсы ауданы
әкімінің аппараты» ММ басшысы О. Бочарникова