Есеп
"Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ-нің 2022 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес "Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын 9 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2022 жылы 38 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы – 0, электрондық үкіметтің веб – порталы арқылы-38.
- «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» - 28 қызмет.
- «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру» - 7 қызмет.
- «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» - 3 қызмет.
2022 жылы электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету пайызы – 100% құрады.
2022 жылы ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» болды.
Instagram әлеуметтік желісінде Мемлекеттік қызметтің 4 түрі бойынша мақала жарияланды.
Халықты «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу туралы хабардар ету мақсатында халық арасында түсіндіру жүргізіледі. Мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыру және сапалы орындау үшін аудандық газетте мемлекеттік мекеме көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары жарияланады. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін автоматтандыруға және оларды электрондық түрде көрсету сапасын арттыруға басымдық беріледі. «Электрондық үкімет» веб-порталында www.egov.kz сондай-ақ, «Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша толық ақпаратты білуге болады.
«Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-де мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпарат, келушілер үшін «электрондық үкімет» арқылы мемлекеттік қызмет алу мүмкіндіктері туралы ақпарат орналастырылған стенд бар. Сондай-ақ, халыққа ақпарат Жақсы ауданы әкімінің сайтында орналастыру арқылы жеткізіледі. Құжаттар топтамасын қабылдау кезінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзушылықтар болған жоқ. «Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 87163522362, электрондық мекенжайы jaksy_zkh@mail.ru.
Басшының м. а. ЕКарашин