"Жақсы ауданы Жақсы ауылы әкімінің аппараты" ММ 2022 жылдың 12 ай бойынша мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіміне сәйкес "Жақсы ауданы Жақсы ауылы әкімінің аппараты" ММ Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады, мемлекеттік қызметтердің 5 түрін көрсетеді.
2022 жылы "Жақсы ауданы Жақсы ауылы әкімінің аппараты" ММ барлығы 61 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы – 16 қызмет, электрондық үкіметтің веб – порталы арқылы-45 қызмет.
"Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" ХҚКО арқылы-16 қызмет.
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" электрондық үкімет порталы арқылы – 6 қызмет.
"Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" электрондық үкімет порталы арқылы-39 қызмет.
«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуарқылы сату " өтініштер түскен жоқ, "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" өтініштер түскен жоқ.
2022 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ең көп пайызы электрондық үкіметтің веб – порталы арқылы -73,7%, Мемлекеттік корпорация арқылы-26,2% құрады.
Мемлекеттік қызметтер жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Аса сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
2022 жылы жүргізілген талдау негізінде электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген "Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер болып табылды-39 қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында "Жақсы ауданы Жақсы ауылы әкімінің аппараты" ММ көрнекі ақпараты бар стендтер (стандарттар, өтініш үлгілері) орналастырылған. Барлық қызметтер бойынша түсініктемелерді "Азаматтарға арналған үкімет " мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (консультанттардан) жүгіну арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат аудан әкімінің сайтында "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
2022 жылы Жақсы ауылында "eGov mobile"мобильді қосымшасын пайдалану бойынша 1 баннер орнатылды.
Халық арасында электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі үшін "Жақсы ауданы Жақсы ауылы әкімінің аппараты" ММ ғимаратының 1 қабатында "Е-gov" өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда азаматтар электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады.
Мемлекеттік қызметтер күн сайын сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін көрсетіледі. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар:
Facebook, Instagram) әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызметтің 4 түрі бойынша 5 мақала орналастырылды. Аудандық "Жаксынский вестник" газетінде мемлекеттік қызметтің 3 түрі бойынша 1 мақала жарияланды, 1 дөңгелек үстел өткізілді, "Адал Көмек" жобасы аясында "eGov mobile мобильдік қосымшасы"тақырыбы бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін "Жақсы ауданы Жақсы ауылы әкімінің аппараты" ММ маманының қатысуымен 1 тікелей эфир өткізілді..
2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзушылықтар болған жоқ. «Жақсы ауданы, Жақсы ауылы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
Барлық сұрақтар бойынша көрсетілген электрондық мекен-жайға хабарласуға болады: jaqsy@aqmola.gov.kz, сондай-ақ телефон арқылы: 8(71635)21770.
Жақсы ауылының әкімі Е.Калентионок