Меню

Страницы

Статья

«Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2022 жылға арналған қызметі туралы ЕСЕП

«Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2022 жылға арналған қызметі туралы

ЕСЕП

 

     «Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 1 түрін көрсетеді: «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарын, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерін әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы».

       2022 жылы 24 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

        - оның ішінде әлеуметтік қолдау ретінде 20 маманға 6126,0 мың теңге көтерме жәрдемақы берілді;

        - 6 маманға тұрғын үй сатып алуға 27567,0 мың теңге бюджеттік несие.

       Мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту - 1 қағаз түрінде берілген.

         2022 жылы қызметтер белгіленген мерзімде көрсетілді, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шартты алушыларға шағымдар түскен жоқ.

         Ақпараттық және мемлекеттік қызметтерді сапалы орындау үшін мемлекеттік мекеме көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары облыстық газетте жарияланады.

        Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы ақпарат тоқсан сайын «Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ақпараттық стендісінде, сондай-ақ «Жақсы жаршысы» газетінде жарияланады.

       Құжаттар топтамаларын қабылдау, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері бойынша бұзушылықтар болған жоқ. «Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

       «Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-де мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпаратты, келушілерге «Электрондық Үкімет» арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы ақпаратты қамтитын стенд орнатылған.

        Барлық ескертулерді аудан әкімінің немесе Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 3 мекен-жайында орналасқан «Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің электронды поштасына жіберуге болады. Байланыс телефоны: 8716- 35-21-3-03.

 

Жақсы ауданының экономика және

қаржысы  бөлімінің басшысы                                                       А. Ибрагимова

 

«Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2022 жылға арналған қызметі туралы ЕСЕП

Дата публикации
22 февраля 2023
Дата обновления
22 февраля 2023
Тип
Есеп

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы