Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі есебі
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес, «Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2 түрін көрсетеді.
2022 жылы «Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ барлығы 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы – 1, электрондық үкіметтің веб - порталы арқылы - 2, мемлекеттік орган арқылы: қағаз нысанда – 0, электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің жүйелері арқылы- 0.
1) баламасыз негізде «Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік корпорациясы арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы арқылы:
- «Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы» санатын беру»
Мемлекеттік қызметтер жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халыққа қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік мекемеде көрнекі ақпараты бар стенд (стандарттар, өтініш үлгілері) орналастырылды. Барлық қызметтер бойынша түсініктемелерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (консультанттардан) жүгіну арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат аудан әкімінің сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
2022 жылы Мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан шағымдар түскен жоқ, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзуға жол берілмеді. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады:
Жақсы ауылы, Дружба көшесі 14, телефон: 87163579100.
«Жақсы ауданының ішкі саясат,
мәдениет, тілдерді дамыту және
спор бөлімі» ММ басшысы: О. Абжанов.