Меню

Страницы

Статья

"Жақсы ауданы Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ 2022 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

"Жақсы ауданы Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ 2022 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

 

          Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес "Жақсы ауданының Калинин ауылдық округінің аппараты" ММ Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5(бес) түрін көрсетеді.

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  2. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
  3. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
  4. Жер учаскесін алуға кезекке қою;
  5. Жер учаскесін жеке меншікке сату бір жолғы немесе бөліп төлеу.

          2022 жылы "Жақсы ауданының Калинин ауылдық округінің аппараты" ММ барлығы 2(екі) мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде электрондық үкіметтің веб – порталы арқылы-2(екі) қызмет.

  1. "Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" электрондық үкімет порталы арқылы-2(екі) қызмет;
  2. "Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп – бөліп сату" - өтініштер түскен жоқ;
  3. "Жер учаскесін алуға кезекке қою" – өтініштер түскен жоқ.
  4. "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" – өтініштер түскен жоқ;
  5. "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" - өтініштер түскен жоқ.

          2022 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ең көп пайызы электрондық үкіметтің веб – порталы арқылы -100% -  құрады.

Мемлекеттік қызметтер жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

          2022 жылы жүргізілген талдау негізінде электрондық үкімет – 2 (екі) порталы арқылы көрсетілген "сауда-саттықты(конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер болып табылды.

          Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

          Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халыққа қол жетімділік және ақпараттандыру мақсатында "Жақсы ауданы Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ көрнекі ақпараты бар стендтер (стандарттар, өтініш үлгілері) орналастырылды. Барлық қызметтер бойынша түсініктемелерді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " коммерциялық емес акционерлік қоғамына хабарласу арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат аудан әкімінің сайтында "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.

          Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

          2022 жылы Калинин ауылында "eGov mobile" мобильді қосымшасын пайдалану бойынша 1 баннер орнатылды.

          Халық арасында электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі үшін "Жақсы ауданы Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ ғимаратының 1 қабатында "Е-gov" өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда азаматтар электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады. 2022 жылы "Еgov" бұрышы арқылы көрсетілетін қызметті алушылар өз бетінше 12(он екі) қызмет алды.

          Мемлекеттік қызметтер күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін бастап көрсетіледі. түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар:

(Facebook, Instagram) әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызметтің 5 түрі бойынша 5 мақала орналастырылды. Аудандық "Жақсы хабаршы" газетінде Мемлекеттік қызметтің 5 түрі бойынша 1 мақала жарияланды, 1 дөңгелек үстел өткізілді, "Адал Көмек" жобасы аясында "eGov mobile мобильдік қосымшасы" тақырыбында 2 тікелей эфир өткізілді. Мемлекеттік қызмет көрсететін "Жақсы ауданының Калинин ауылдық округінің аппараты" ММ әкімі мен маманының қатысуымен.

          2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді бас тартулар-1, Мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан шағымдар түскен жоқ, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол берілмеді.

Барлық сұрақтар бойынша мына электрондық мекен-жайға хабарласуға болады: jaqsy_kalinin@aqmola.gov.kz, сондай-ақ телефон бойынша:8(71635)93540, 95322 .

 

Калинин ауылдық округінің әкімі                                             М. Тюлюбаев

 

"Жақсы ауданы Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ 2022 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Дата публикации
22 февраля 2023
Дата обновления
22 февраля 2023
Тип
Есеп

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы