Жақсы ауданының Ешім ауылдық округі әкімінің
2022 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері
жөніндегі қызметі туралы Есебі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес «Жақсы ауданының Ешім ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 түрін көрсетеді:
2022 жылы «Жақсы ауданының Ешім ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 4 Мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы – 4:
«Жер учаскесін алуға кезекке қою» - 2 қызмет.
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»- 2 қызмет.
Барлық мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік корпорация және электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы тегін негізде көрсетіледі.
2022 жылы жүргізілген талдау негізінде «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» Мемлекеттік көрсетілетін қызметі неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында Ешім ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында көрнекі ақпараты бар стенд (стандарттар, өтініш үлгілері) орналастырылды. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
"EGov mobile" мобильді қосымшасын пайдалану бойынша баннер орнатылды.
Халық арасында электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі үшін «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, онда азаматтар электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады. 2022 жылы «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 87 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2022 жылы Ешім ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық түсіндіру іс-шаралары өткізілді. (Facebook, Instagram) әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызметтердің 3 түрі бойынша 1 мақала жарияланды. Аудандық «Жақсы жаршысы» газетінде Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 1 мақала жарияланды. «Адалдық Алаңы» жобасы аясында Ешім ауылдық округі әкімінің және Мемлекеттік қызмет көрсететін бас маманның қатысуымен 2 тікелей эфир өткізілді.
2022 жылы мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан «Жақсы ауданының Ешім ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол берілмеді.
Барлық сұрақтар бойынша мына электрондық мекен-жайға хабарласуға болады: jaqsy_esil@aqmola.gov.kz, сондай-ақ телефон арқылы: 8(71635) 33240.
Ишим ауылдық округі әкімінің Д. Борамбаева