"Жақсы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ-нің 2022 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мемлекеттік органдардың тиімді қызметіндегі маңызды аспект болып табылады.
"Жақсы ауданының жер қатынастары бөлімі" Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/ҢҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне, мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді.
2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсетілді:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" порталы арқылы өз бетінше алу туралы халықты хабардар ету мақсатында халық арасында түсіндіру жүргізілуде. 2022 жылдың шілде айында мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыру және сапалы орындау үшін аудандық газетте мемлекеттік мекеме көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері жарияланды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін автоматтандыруға және оларды электрондық түрде көрсету сапасын арттыруға бірінші кезекте көңіл бөлінеді. "Электрондық үкімет" веб-порталында www.egov.kz сондай-ақ, "Жақсы ауданының жер қатынастары бөлімі"ММ Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша толық ақпаратты білуге болады.
Құжаттар топтамасын, Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қабылдау кезінде бұзушылықтарға жол берілген жоқ. "Жақсы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
"Жақсы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін автоматтандыруға және оларды электрондық түрде көрсету сапасын арттыруға бірінші кезекте көңіл бөлінеді. Ол үшін бөлімде қызмет алушылармен мемлекеттік қызметтерді кедергісіз алу үшін "Egov" бұрышы жабдықталған. "Электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу туралы халықты хабардар ету мақсатында жадынамалар мен брошюралар таратылады, халық арасында түсіндіру жүргізіледі.
"Жақсы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ-де стенд бар, онда жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ережелер, келушілерге "электрондық үкімет"арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы ақпарат орналастырылған. Сондай-ақ халыққа мәліметтер Жақсы ауданы әкімінің сайтында ақпаратты орналастыру арқылы жеткізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 87163522025, электрондық мекен-жайы jaqsy_zo@aqmola.gov.kz
Басшы
жер қатынастары бөлімі
Жақсы ауданы Р. Әбілжанов