2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Жақсы ауданы Запорожье ауылдық округі әкімінің жұмысы туралы
ЕСЕП
Запорожье ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызмет көрсету Тізіміне сәйкес 5 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:
2022 жылы барлығы 12 мемлекеттік қызмет көрсетілді, электрондық үкіметтің веб – порталы арқылы-100 %.
2022 жылы жүргізілген талдау негізінде "жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру", "жер учаскесін алуға кезекке қою"қызметтері неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер болып табылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бойынша бұзушылықтар болған жоқ. «Жақсы ауданы Запорожье ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне мемлекттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ. Барлық мемлекеттік қызметтер мемлекеттік корпорация арқылы және тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету барысында «Жақсы ауданы Запорожье ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясына және стандарттары негізінде, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңын басшылыққа алады. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру үдерісі және оның электронды түрде көрсетілуі сапасын арттыруға аса назар аударылады.
Запорожье ауылдық округінде мемлекеттік қызмет алушыларға арнайы мемлекеттік қызметтерді үздіксіз алуға «Еgov» бұрышы бар. «Электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметті өз бетінше алу жөнінде халықты ақпараттандыру мақсатында жадынамалар таратылып, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Ауылдық округ тұрғындары ЭЦҚ болған жағдайда әрқашан түрлі мемлекеттік қызметтер алуға, сұрауға мүмкіндіктері бар. Мамандар мемлекеттік қызмет алушыларға практикалық көмек көрсетуге дайын. 2022 жылы қызметті алушылар өздігінен «Еgov» бұрышы арқылы 56 әр түрлі анықтамалар алды. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараттау мақсатында аудандық «Жақсы жаршысы» газетіне мақала жарияланады, жадынамалар мен кітапшалар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мемлекеттік мекемеде мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары берілген ақпараттық тақтасы бар. Запорожье ауылында жалпыға қолжетімді жерде "Е-gov mobile"мобильді қосымшасын пайдалану бойынша баннер бар.
Мемлекеттік қызмет алу сұрақтары бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 87163557466, электронды мекен-жай: zaporozhski_2009@mail.ru
Запорожье ауылдық округі әкімінің м.а: Б. Джетекенова