Меню

Страницы

Статья

Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда шағын несиелеу

2023 жылғы 16 ақпанда "Халықтың табысын 2025 жылға дейін арттыру бағдарламасы" кешенді жоспары аясында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малғаждар Саттарұлы Таткеевтің төрағалығымен ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда шағын несиелеу мәселесі бойынша аудандар мен қалалардың әкімдерімен бейнеконференция өткізілді.

Қатысушылар үшін несиелеудің негізгі шарттары:

  1. Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5 % ;
  2. Несиелеу мерзімі 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін;
  3. Зәкірлік кооперацияны дамыту үшін кредиттің ең көп сомасы 2,5 мың АЕК (8,6 млн. теңге) – 8,0 мың АЕК-ке дейін (27,6 млн. теңге)
  4. Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең.

Әлеуетті қатысушыға қойылатын негізгі талап кепілмен қамтамасыз етілуі болып табылады.

Консультация және толығырақ ақпарат алу үшін "Жақсы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ-не Жақсы ауылы, Дружба к-сі 14 мекенжайы бойынша,  87163521071 немесе 87163531023 байланыс телефоны бойынша хабарласуға болады.

Дата публикации
17 февраля 2023
Дата обновления
17 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы