Жақсы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың № 9, № 10 және № 11 бір мандатты сайлау округтары бойынша тіркелгені туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес Жақсы аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары 2023 жылғы 14 ақпанда Жақсы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар:
- № 9 бір мандатты сайлау округі бойынша Мейрамов Мұрат Жұмағалиұлы – 1963 жылы туған, «Еркіндік-Агро» ЖШС-нің директоры, «AMANAT» партиясы атынан тіркелді, Қима ауылының тұрғыны; Карибаев Жеңіс Саянұлы- 1999 жылы туған, К.Өскенбаев ат. № 1 Қима орта мектебінің тарих мұғалімі, өзін-өзі ұсыну арқылы тіркелді, Жаңа Қима ауылының тұрғыны; Ахметова Аида Бейсенқызы- 1997 жылы туған, К.Өскенбаев ат. № 1 Қима орта мектебінің педагог-психолог мұғалімі, өзін-өзі ұсыну арқылы тіркелді, Жаңа Қима ауылының тұрғыны;
- № 10 бір мандатты сайлау округі бойынша
Саутова Ақжарқын Сұлтанқызы – 1962 жылы туған, «№ 2 Жақсы орта мектебі» КММ-нің директоры, «AMANAT» партиясы атынан тіркелді, Жақсы ауылының тұрғыны;
- № 11 бір мандатты сайлау округі бойынша
Әбішева Сәуле Мұқанқызы – 1963 жылы туған, «Ешім орта мектебі» КММ-нің директоры, «AMANAT» партиясы атынан тіркелді, Ешім ауылының тұрғыны; Мейрембаева Бақытжамал Жұмадиқызы- 1964 жылы туған, «Ешім орта мектебі» КММ-нің мұғалімі, өзін-өзі ұсыну арқылы тіркелді, Ешім ауылының тұрғыны.
2023 ж. 14 ақпан