Жақсы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың № 1, № 3 және № 6 бір мандатты сайлау округтары бойынша тіркелгені туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес Жақсы аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары 2023 жылғы 10 ақпанда Жақсы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар:
- №1 бір мандатты сайлау округі бойынша Торбаева Гүлзира Айтжанқызы – 1989 жылы туған, «Моховое негізгі мектебі» КММ-нің мұғалімі өзін-өзі ұсыну арқылы тіркелді, Моховое ауылының тұрғыны;
- № 3 бір мандатты сайлау округі бойынша Сарыбаева Гүлжан Дмитриевна – 1993 жылы туған, «АйБат» ЖШС-де кадр бөлімінің инспекторы, өзін-өзі ұсыну арқылы тіркелді, Жақсы ауылының тұрғыны;
- № 6 бір мандатты сайлау округі бойынша Әділбекова Айым Әділбекқызы – 1992 жылы туған, «Урожай» ЖШС-нің бас бухгалтері «AMANAT» партиясы атынан тіркелді, Жақсы ауылының тұрғыны.
2023 ж. 10 ақпан