Жақсы ауданының Запорожье ауылдық округі әкімін сайлауы бойынша сайлау округінің шекарасын құру, аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 13-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4 тармағына, 22-бабына, «Жақсы ауданының Запорожье ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы» Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 33/68 қаулысына сәйкес, Запорожье ауылдық округ әкімін сайлау бойынша сайлау округінің құрылғаны туралы, Жақсы ауданы аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз.
Жақсы ауданының Запорожье ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Запорожье ауылдық округінің шекарасындағы Запорожье сайлау округі.
Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Жақсы ауылы, Дружба көшесі 3, аудан әкімдігінің ғимараты, тел.8 (71635) 21-4-04.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы:
төрайымы – Тлепова Рената Рахымбекқызы; хатшы – Төлеубай Манас Сапиуллаұлы; комиссия мүшелері: Арыспаева Алтын Маратқызы, Касенова Ғалия Халимоллақызы, Нұржанова Әлия Арыстанқызы.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы