Меню

Страницы

Статья

Жақсы аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

Жақсы аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, және  Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 31/62 «Жақсы аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау комиссияларын құру туралы» қаулысына сәйкес, Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жақсы аудандық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 11 округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
  2. Жақсы аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Жақсы аудандық мәслихатына жіберілсін.
  3. Осы қаулы Жақсы аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «Жақсы жаршысы» газетінде орналастырылсын.
  4. Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жақсы аудандық

аумақтық сайлау

комиссиясының төрайымы                                                           Р.Тлепова

 

Жақсы аудандық

аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                         М.Төлеубай

Дата публикации
30 декабря 2022
Дата обновления
30 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы