Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Ақмола облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін уәкілетті орган болып табылады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы негізгі және жалпыға бірдей танылған халықаралық құқықтардың бірі-тұтынушыларға білім беру құқығы. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерінде сауаттылықтың жеткіліксіздігі тұтынушылардың құқықтарын бұзуға тиімді қарсы тұруға кедергі келтіреді. Көбінесе тұтынушылар заңды білімі жоқ, жосықсыз кәсіпкерлерге алданып қалады. Бұл азаматтардың әл-ауқатына теріс әсер етеді, тұтынушылардың мүдделеріне материалдық зиян келтіреді.
Бүгінгі таңда тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қолданыстағы жүйесінің құқықтық негізін "тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР заңы (бұдан әрі – Заң), азаматтық, кәсіпкерлік Кодекстер және сатушылар (көрсетілетін қызметті берушілер, орындаушылар) мен тұтынушылар арасындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер құрайды. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарында қаралады.
Сондықтан тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы басым бағыттардың бірі, ең алдымен, тұтынушыларды ағартуға, заңмен берілген құқықтармен, сондай-ақ оларды қорғаудың кепілдіктері мен әдістерімен танысуға бағытталған ақпараттық-ағарту қызметі болып қала береді.