Меню

Страницы

Статья

Салтанат Тұрсынбекова Петропавлда тұрғындармен кездесу өткізді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Петропавлда ҚР президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жергілікті халықпен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат кандидаттың штабына сілтеме жасап.

Кездесуде кандидат Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту туралы айтты.

Әйелдер кәсіпкерлігі ШОБ секторындағы жұмыс орындарының 31,4%-ын қамтамасыз етеді. 2020 жылғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда әйелдер басқаратын кәсіпорындардың үлесі 28,3 пайызды құрады. Олардың көпшілігі шағын және орта бизнес өкілдері, олар осы сектордағы жұмыс орындарының 31,4%-ын және елдің жалпы ішкі өнімінің шамамен 14,6%-ын қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, жиналғандар кандидаттан сайлауалды бағдарламасы туралы сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал 20 қарашада президент сайлауы өтеді.

Дата публикации
18 ноября 2022
Дата обновления
18 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы