Меню

Страницы

Статья

Жигули Дайрабаев Батыс Қазақстан облысында бірқатар кездесу өткізді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев пен оның партияластары Батыс Қазақстан облысында жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ауыл» ХДПП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ауыл» партиясының өкілдері алдымен Орал іргесіндегі құс фабрикасына барды. Кәсіпорында 200-ден астам адам жұмыс істейді. Жылына 8,5 мың тонна өнім өндіреді.

Саяси бірлестік мүшелері Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университет ұжымымен де жүздесті. Кездесуде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Бұған дейін Жигули Дайрабаев бастаған үгіт-насихат тобының өкілдері Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Жетісу, Алматы, ШҚО, Абай, Маңғыстау облыстарының сайлаушылармен кездесті.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада президент сайлауы өтеді.

Дата публикации
18 ноября 2022
Дата обновления
18 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы