Меню

Страницы

Статья

Қарағанды облысында sailau09 телеграм-боты іске қосылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының тұрғындары үшін Telegram-да sailau09_bot чат-боты (https://t.me/sailau09_bot) іске қосылды, онда олар өздерінің сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін біле алады. Ақпарат ЖСН бойынша қолжетімді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Сайлаушылар тізімінде өзіңізді тексерудің бірнеше әдісі бар. Ол үшін sailau09.kz арнайы сайт (https://sailau09.kz/kk) жұмыс істейді және облыстың электрондық қызметтер порталында айдар (https://e-krg.kz/Services/Electa/CheckIIN) бар. Мұнда әрбір пайдаланушы ЖСН немесе жеке куәлік нөмірі арқылы өз учаскесін таба алады. Сонымен қатар, барлық қалалар мен аудан әкімдіктерінің сайттарында «Сайлаушылар тізімінде өзіңізді тексеріңіз!» қосымшасы қолжетімді.

Ақпаратты Senim109 Бірыңғай диспетчерлік қызметі де береді. Интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ адамдар 109 нөміріне қоңырау шала алады. Тек ЖСН-ін айту қажет болады. Senim операторлары сайлау процедурасы бойынша жеке сұрақтарға жауап береді. Мысалы, басқа қалада, ауруханада, вахтада және т.б. қалай дауыс беру керектігін біле алады.

Айта кетейік, Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашада өтеді.

Дата публикации
16 ноября 2022
Дата обновления
16 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы