Меню

Страницы

Статья

Сайлау-2022: жеті ұйым қоғамдық сауалнама жүргізу құқығына ие

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров кезектен тыс ҚР Президенті сайлауына қатысты қоғам пікірін біліп, сауал жүргізетін ұйымдарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінге дейін 7 ұйым 20 қарашада өтетін кезектен тыс ҚР Президенті сайлауына қатысты қоғамдық сауалнама жүргізетіндігі туралы бізді хабардар етті.

«ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңның нормаларына сәйкес қоғамдық сауалнама нәтижесі, сайлауға қатысты болжам мен зерттеулерді, сол сияқты кандидаттарды қолдауға бағытталған материалдарды интернетте жариялауды сайлауға дейін 5 күннің ішінде тоқтату қажет. Яғни бүгін қоғамдық сауалнама нәтижелерін жариялаудың соңғы күні. Ертеңнен бастап бастап қоғам пікірі нәтижесін жариялауға және қайта басып шығаруға тыйым салынады», - деді Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Сондай-ақ, ОСК төрағасы сайлау туралы қоғамдық сауалнама жүргізуге құқылы ұйымдарды атады.

Олардың қатарында «Қоғамдық пікір» зерттеу институты, «AMANAT» партиясының қоғамдық саясат институты, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы, «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы, Астана «СОЦИС-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты, DAMU RG зерттеу тобы және «Ашық қоғам» аймақтық зерттеулер халықаралық институты бар.

Айта кетсек, еліміздің Бас прокуратурасы сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу тәртібі заңмен қатаң реттелетіндігін еске салған еді.

Дата публикации
15 ноября 2022
Дата обновления
15 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы