Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысында 482 934 адам сайлаушылар тізіміне енгізілді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында 482 934 адам сайлаушылар тізіміне енгізілді. Бұл туралы өңірде ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерманның қатысуымен өткен көшпелі семинар-кеңесте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ОСК сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда облысы әкімдігі аппаратының басшысы Ш. Байманов облыста комиссияның 2 710 мүшесі жұмыс істейтінін хабарлады.

Айтуынша, облыс бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген сайлаушылардың жалпы саны – 482 934 адам. 30 қазанында сайлаушылардың тізімдері сайлау учаскелеріне берілді, 4 қарашадан бастап тізімдер азаматтарға танысуға ұсынылды.

Өз сайлау учаскесін нақтылау мақсатында азаматтар Call-орталыққа қоңырау шалып, сайлаушылар тізімінде өздерін тексеру жөніндегі saylau.orda.gov.kz сервисті пайдалану мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ, Telegram-бот (sailau_kzoBot) және «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы арқылы сайлаушылар тізімін тексеру мүмкіндігі қарастырылған. Бүгінгі таңда 12 мыңнан астам сұраныс түсті.

Халықты сайлау туралы кеңінен ақпараттандыру мақсатында өңірлік теледидарда бейнероликтер, облыс аумағында баннерлер орналастырылды, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде ақпараттық материалдар жарияланды.

Облыстық сайлау комиссиясы барлық аудандарда және Қызылорда қаласында комиссияның 800 мүшесі үшін оқыту курстарын ұйымдастырған.

Бүгінгі таңда өңірде 31 мыңнан астам мүгедек адам тіркелген, олардың 20 071-і сайлауға қатысуға құқылы. Барлық сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар адамдардың кіріп-шығуы үшін жағдайлар жасалған. Аудандарда және Қызылорда қаласында құрылған мониторингтік топ объектілердің толық бейімделуін зерделеу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, сайлау кезінде мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау үшін 32 инватакси қызметі жұмыс істейді.

Дата публикации
13 ноября 2022
Дата обновления
13 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы