Меню

Страницы

Статья

Сайлау-2022: Салтанат Тұрсынбекова теледебатта бесінші болып сөз алады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін сағат 20:00-де «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Қазақстан президенттігіне кандидаттардың және олардың сенімді өкілдерінің қатысуымен телевизиялық дебат өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы шара қарсаңында Астанада жеребе тасталды, онда президенттікке кандидаттардың теледебатында сөз сөйлеу тәртібі анықталды. Ресми шараға барлық үміткерлердің штаб басшылары қатысып, реттік нөмірлерін таңдады.

Жеребе нәтижесінде құқық қорғаушы Салтанат Тұрсынбекова бесінші болып сөз сөйлейтіні белгілі болды, деп хабарлады кандидаттың штабынан.

Теледебатта үміткерлер сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, бір-біріне сұрақтар қояды, сондай-ақ қазақстандықтардың сауалдарына жауап береді.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал 20 қарашада президент сайлауы өтеді.

Дата публикации
12 ноября 2022
Дата обновления
12 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы