Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтік сауалнама: респонденттердің 70%-дан астамы сайлауда дауыс беруге ниетті

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қоғамдық пікір» зерттеу институты 20 қарашада өтетін ҚР Президенті сайлауына қатысты әлеуметтік сауалнама жүргізді. Нәтижесінде респонденттердің 71,6 пайызы дауыс беруге ниетті екендіктерін мәлім еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Есепке сәйкес, 2022 жылғы 20 қарашадағы Президент сайлауына респонденттердің 71,6 пайызы қатысу ниетін білдірді. Ал, 18,3 пайызы өздерінің сайлауға қатысу ықтималдығын «50/50» деп бағалады. Дауыс беруге бармайтынын мәлімдегендер – 6,1 пайыз. Әлі шешім қабылдап үлгермеген респонденттер – 4 пайыз», - делінген «Қоғамдық пікір» институтының сауалнама нәтижесі көрсетілген хабарламада.

Институт мәліметіне сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың 84,4 пайызы Президент сайлауының әділ өтетініне сенеді. Ал, респонденттердің 11 пайызы бұған кереғар пікірде.

«Кезектен тыс президенттік сайлауда дауыс беруі ықтимал сайлаушылардың 78,8 пайызы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдауға ниетті. Ал, респонденттердің 2,8 пайызы Жигули Дайрабаевқа дауыс беруді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, 1,8 пайыз сайлаушы Нұрлан Әуесбаевтың кандидатурасын қолдамақ. Сауалнамаға қатысқандардың 1,6 пайызы Мейрам Қажыкен мен Салтанат Тұрсынбекова дауыс беруге ниетті. Сонымен бірге, Қарақат Әбденді қолдайтын азаматтар қатары – 0,8 пайыз. Әлеуметтік зерттеуге қатысқан қазақстандықтардың 3,2 пайызы барлығына қарсы дауыс беретінін мәлімдеген. Ал, репонденттердің 9,4 пайызы әлі таңдау жасап үлгермеген», - деп мәлім етті «Қоғамдық пікір» институтынан.

Аталған әлеуметтік зерттеу 4-6 қараша аралығында жүргізілді. Оған еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаланың 18 жастан асқан 1 200 тұрғыны қатысқан.

Дата публикации
12 ноября 2022
Дата обновления
12 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы