Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

 

Ақмола облысында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды

 

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында ағымдағы жылдың 27-28 қазан аралығында Ақмола облысында  дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары қазақстандық қоғамның дәстүрлі, мәдени және отбасылық құндылықтарын нығайтуға бағытталған діни – ағартушылық жұмысын, сонымен қатар діни эстремизімнің таралуын алдын алуға бағыттылған рухани-ағарту жұмысын ұйымдастыру шеңберінде жергілікті тұрғындармен бірқатар іс-шаралар мен кездесулер өткізілді.

Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) –Сүлейманов Ж.О., Уразбаев Қ.И., Нүсіпханов Т.Н., Тұрапбай М.Н. тартылды.

РАТТ мүшелерінің қатысуымен Көкшетау қаласында Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті студенттерімен, «Науан Хазрет» облыстық, «Жақия Қажы» Көкшетау, Бурабай және Ақкөл аудандық мешіт жамағатымен, «ЕЦ-166/25 мекемесі» РММ ҚАЖД қарасты түзету мекемесінде жазасын өтеуші діндар азаматтарымен, «Новопэк» ЖШС жұмысшылармен, ҚР ҚМ Шоқан Уалиханов атындағы әскери және «Ақкөл қ. Агротехникалық колледжі» МКҚК колледж студенттер мен оқытушыларына, Щучинск қ. Орталық базары, «Казахстан», «Керемет» сауда үйлерінің өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, сатушылар, жергілікті тұрғындарға, аудандық кітапхана және мәдениет үйінің еңбек ұжымы қызметкерлерімен және т.б. кездесулер ұйымдастырылды.

Өткізіген іс-шараларда өңірлердің тұрғындарына Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара іс-қимылы мен қатар өмір сүруіне, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпараттар берілді.

Сарапшылар діннің рухани-адамгершілік құрамдас бөлігі мәселелеріне, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың әсеріне қарсы тұру шараларына ерекше назар аударды.

Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып,тұшымды жауаптар алынды.

 

 

 

 

ЖК «Нұржан» Басшысы                                                 Н.Ж Мәукен

 

Дата публикации
03 ноября 2022
Дата обновления
03 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы