Меню

Страницы

Статья

Қарақат Әбден Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің Қызылорда облысындағы сайлауалды кездесулері өтті. Ол жақын және шалғай жатқан елді мекендердің жағдайымен танысып, Арал қаласына ат басын бұрды. Бұл туралы ҚазАқпарат кандидаттың штабына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Облыстағы үлкен аймақтардың бірі болып саналатын Арал қаласында ол жергілікті халықпен жүздесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Бұдан бөлек, кандидат осы өңірде ұлттық және отбасылық құндылықтарды негізге алып, кәсібін дөңгелетіп отырған отбасылық бизнес өкілдерімен кездесті.

Аралда қозғалған маңызды тақырыптар Қызылорда қаласындағы кездесуде жалғасын тапты. Жиын барысында қоғамдағы өзекті мәселелер, өскелең ұрпақ пен жастар тәрбиесі, отбасы институтының мәні талқыланды.

Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Үміткер Қарақат Әбден ел аймақтарын аралап, 13 қала мен бірнеше ауылдық елді мекенде 20-дан астам кездесу өткізді. Алдағы уақытта ол Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жамбыл облыстарының сайлаушыларымен кездесу өткізеді.

Дата публикации
11 ноября 2022
Дата обновления
11 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы