Меню

Страницы

Статья

Жигули Дайрабаевтың штабы ТМД ПА өкілдерімен жиын өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың республикалық қоғамдық штабы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының өкілдерімен онлайн форматта жиын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына сілтеме жасай отырып.

«Ауыл» РҚШ-ның қызметкерлерімен кездесу барысында ТМД ПАА Кеңесі Хатшылығы басшысының орынбасары Иван Мушкет ТМД ПАА-дан 60 байқаушы ҚР президенттігіне кандидаттардың үгіт-насихат науқанының барысын бақылап отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, ТМД ПАА Халықаралық демократияны дамыту мониторингі институтының сарапшылары үгіт-насихат науқанының өтуі, проблемалық мәселелердің болуы туралы сұрады.

«Ауыл» ХДПП-нан ұсынылған ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың республикалық қоғамдық штабының басшысы Төлеутай Рахымбеков өз сөзінде бүгінде еліміздің 166 ауылдық елді мекенінде және 88 қалада, оның ішінде республикалық маңызы бар 3 қала мен 17 облыс орталығында үгіт-насихат науқаны жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада президент сайлауы өтеді.

Дата публикации
11 ноября 2022
Дата обновления
11 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы