Меню

Страницы

Статья

Республикалық қоғамдық штаб Тайынша ауданында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Республикалық қоғамдық штаб (РҚШ) мүшесі Дмитрий Колода бастаған Халықтық коалиция өкілдері Солтүстік Қазақтан облысындағы Тайынша ауданына барды. Бұл туралы ҚазАқпарат қоғамдық штабқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Кездесу «EMCAgro» ЖШС және «BioOperations» ЖШС-да өтті. Бұл – аудандағы шикізатты өңдеумен айналысатын ірі өндірістік нысандар. Депутат Д.Колода сайлаушыларды ҚР президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.

Сондай-ақ РҚШ мүшелері денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен және Тайынша ауданының жұртшылығымен кездесті.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада президент сайлауы өтеді.

Дата публикации
10 ноября 2022
Дата обновления
10 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы