Меню

Страницы

Статья

Құрметті журналистер, блогерлер және журналистика факультетінің студенттері!

Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікірді қалыптастырудағы, заңның белгілі бір нормаларын түсіндірудегі, қаржылық сауаттылықты арттырудағы және әлеуметтік, саяси және қоғамдық өмірдің барлық қырларын шынайы берудегі рөлі өте маңызды.

Көп нәрсе журналистке және олардың материалдарда қамтылған мәселелерді түсінуіне байланысты. Осыған байланысты, «БЖЗҚ» АҚ Сізді «Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржы журналистикасы мектебі» атты жыл сайынғы семинарға қатысуға шақырады. Зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша ақпараттандыруға және оқытуға бағытталған іс-шара 2022 жылғы 24 қарашада (бейсенбі) орыс тілінде және 2021 жылғы 25 қарашада (жұма) қазақ тілінде онлайн-форматта өтеді.

Курс бағдарламасы жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы рейтингтік материалдар жасауға көмектеседі. Олар оқырмандарыңыз бен көрермендеріңіз үшін қызықты болмақ. Өйткені, барлық қазақстандықтар зейнетақы капиталын қалыптастыруға мүдделі. Қор сарапшылары арқылы Сіз  Қазақстанның зейнетақы жүйесінің аралас түрін неге таңдағаны,  ЕАЭО елдерінде зейнетақы құқықтарының қалай іске асырылатыны жайында мағлұмат алып, басқа елдердің тәжірибесімен де танысып, бар ақпаратты мақсатты аудиторияңызға жеткізе аласыз. 

Сарапшылар зейнетақы шотындағы жинақтың қалай инвестицияланатыны, болашақ зейнетақы төлемдерін қалай есептеу керектігі, Қордың электрондық сервистерін пайдалануды үйрету, сондай-ақ, ЖЗЖ және БЖЗҚ қызметі туралы ең өзекті ақпаратты қалай жедел алу керектігі туралы де баяндап береді.

Өтетін орны: Cisco WebEx вебинар платформасы

Спикерлер: БЖЗҚ және ҚР Ұлттық банкінің сарапшылары

Өткізу уақыты: 24 қарашада орыс тілінде және 25 қарашада қазақ тілінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін

Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.

Қатысуға өтінімді press@enpf.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет өзі туралы ақпаратты көрсету керек:

ТАӘ,

БАҚ немесе оқу орнының атауы (студенттер үшін),

қатысу күні,

электрондық пошта мекенжайы және Whatsapp телефон нөмірі (шақыру сілтемесі мен оқиға туралы ескертулерді жіберу үшін).

Шақыру сілтемесі Сізге іс-шара басталардан бір күн бұрын жіберіледі.

  • Толық бағдарлама осы хаттың  қосымшасында

 

Онлайн-мектеп бағдарламасы 

 

10:00-10:05

Кіріспе сөз, вебинарға қатысушылармен танысу 

 

  Егеубаева С. – Басқарма Төрағасының орынбасары

10:05-10:35

Әлемнің зейнетақы жүйелері, халықтың қартаюы, Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі, БЖЗҚ қызметі, даму стратегиясы (тұсаукесер+бейнетүсірілім) 

https://youtu.be/FQcgTaUi5FE  

 

Фазылова К.– 

Стратегиялық даму департаментінің директоры,

Темірлан А. – СДД Стратегия және талдау басқармасының бастығы (орысша)

Сапин А. – Актуарлық есептеулер мен болжамдар бөлімінің бастығы (қазақша)

10:35-11:00

ҚР ҰБ зейнетақы активтерін басқаруы

(зейнетақы активтерінің қайда және қалай инвестицияланып жатқаны туралы тұсаукесер)

ҚР ҰБ өкілі

11:00-11:25

Сенімгерлік басқарудағы зейнетақы жинақтары (ИПБ)

(Зейнетақы активтерінің қайда және қалай инвестицияланып жатқаны туралы тұсаукесер +бейнетүсірілім)

https://www.youtube.com/watch?v=Gz0-m-9Ugtc

https://www.youtube.com/watch?v=jywo0qGBowo

 

 

Жауыншиев С. – Тәуекел менеджменті департаменті Қаржылық тәуекелдер бөлімінің бас маманы

 (қазақша, орысша)

11:25-11:50

Сандық БЖЗҚ

(қордың электрондық қызметтері туралы тұсаукесер +бейнетүсірілім)

https://www.youtube.com/watch?v=pQBrGcxhh9o

https://www.youtube.com/watch?v=Ea63WByHWJ8

 

Әміренов Н. – «БЖЗҚ» АҚ Алматы қ. филиал директоры (орысша)

Талаева Э. – ӨЖД департаменті директорының орынбасары   (қазақша)

11:50-12:10

ЕАЭО мүше мемлекеттердегі зейнетақы

https://www.youtube.com/watch?v=tydwWfW5wp8&t=9s

https://youtu.be/zzhoqy5pjyc

Қимолаева Г. –

Төлемдерді ұйымдастыру және хабарландыру департаменті директорының орынбасары (орысша) 

Ағайдарова Г. – Төлемдер әдістемесі басқармасының бас маманы  (қазақша)

12:10-12:30

Зейнетақы жинақтарынан төлемдер (тұсаукесер)

 

 

Қимолаева Г. –

Төлемдерді ұйымдастыру және хабарландыру департаменті директорының орынбасары (орысша) 

Ағайдарова Г. – Төлемдер әдістемесі басқармасының бас маманы  (қазақша)

12:30-12:40

БЖЗҚ-ның ақпараттық жұмысы. ЖЗЖ туралы қызық материалды қалай жасауға болады? 

Акмаева М. – ЖБД директорының орынбасары – БАҚ-пен байланыс басқармасыынң бастығы (орысша),

Забих Қ. – ЖБД директоры (қазақша)

 

 

Дата публикации
10 ноября 2022
Дата обновления
10 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы