Меню

Страницы

Статья

Сайлау-2022: Теледебат кезінде қандай тақырыптарды талқылауға болмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясы 11 қарашада өтетін кандидаттардың сайлауалдындағы телевизиялық пікірсайысында қандай мәселелерді талқылауға болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцованың атап өтуінше, ОСК тарапынан 2022 жылғы 20 қарашаға белгіленген кезектен тыс президент сайлауында сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстар мен пікірталастарды өткізу регламенті келісілген.

«Сайлау алдындағы телевизиялық пікірталастарды өткізу барысында конституциялық құрылысты күштеп өзгертуді, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық, тектік алауыздықты, зорлық-зомбылық қатыгездігіне табынуды қоздыруды, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құралымдарды құруды насихаттауға және үгіттеуге жол берілмейді. Бұл осы пікірталастарда талқылауға қойылатын жалғыз шектеу ғана. Қалғанының бәрі, яғни заң аясында кез келген сұрақтар қойылуы мүмкін», - деді Анастасия Щегорцова.

Айта кетейік, бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өтетін президент сайлауына кандидаттардың пікірсайысының регламенті мен қатысушылар тізімі бекітілген еді.

Дата публикации
09 ноября 2022
Дата обновления
09 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы