Меню

Страницы

Статья

Жигули Дайрабаев Семей жұртшылығымен кездесулер өткізді

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - «Ауыл» партиясынан Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Абай облысының жұртшылығымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Кандидат сапары халықтың рухани дамуына зор үлес қосқан ұлы тарихи қайраткерлер – Абай мен Мұхтар Әуезовтің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюдан басталды.

Одан кейін Жигули Дайрабаев және оның командасы Абай облыстық кітапханасында жергілікті зиялы қауыммен кездесу өткізіп, кандидат бағдарламасының маңызды бағыттарын талқылады.

Кітапханадан шыққан соң кандидат «Qazaq Astyq Group» ЖШС барып, зауыт жұмыскерлерімен кездесті.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал 20 қарашада президент сайлауы өтеді.

Дата публикации
09 ноября 2022
Дата обновления
09 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы