Меню

Страницы

Статья

Бірінші рет дауыс бергендерге сыйлық қарастырылмаған - ОСК

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясында кезектен тыс президент сайлауында бірінші рет дауыс беретін сайлаушыларға сыйлық жасау үшін қаражат қарастырылмаған. Бұл туралы аталған комиссия мүшесі Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұндай сыйлықтарға біздің тараптан қаражат қарастырылмағаны анық. Дегенмен, алғаш рет 18 жасымда дауыс бергенім әлі де есімде. Оның үстіне 18-ге толғаныма 3-4 күн өткеннен кейін дауыс бердім. Сайлаушылар тізімінде болдым және маған телефон нөмірлерін жазуға арналған қойындәптер сыйлаған еді. Кәдесыйға келер болсақ, өзінің сайлаушыларын білетін қандай да бір сайлау комиссиясы тосынсый жасауы мүмкін. Орталықтандырылған бюджет ондайға қарастырылмаған. Сайлау комиссиялары жеке бастама жасауы мүмкін әрі мұндай бастама міндетті емес», - деді ол комиссия отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Ал 11 қарашада кандидаттардың сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайсы ұйымдастырылады.

Дата публикации
09 ноября 2022
Дата обновления
09 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы